Жастар аста-төк тойдан бас тартып жатыр. Жас келін Айдана Қожанова өзінің басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Alash.KZ сайты POLITICO.KZ порталына сілтеме беріп.
Айтуынша, тұрмысқа шыққанда қарапайым той жасаған. Осылайша жастар арасуында жаңа тренд пайда болды. Олар дүркіреген аста-төк тойдан жаппай бас тарта бастаған.
«Біз өте қарапайым той жасап үйлендік. Менде үлкен ұзату той болмады. Күйеуім 3 адам болып келді, ал біз 8 адам болдық. Кішігірім сырға салу болды», - деп жазды жас келін.
Айтуынша, тіптен қалың мал, мәһір дегендер де болмаған. Оңтүстіктің қызы болса да, ол ата-анасын, туыстарын көндірген.
«Ешқандай қалың мал, жасау, киіт сияқты шығындар болған жоқ. Өзім қайнап тұрған салт-дәстүр ұстайтын Оңтүстіктің тумасымын,ештеңеге қарамай ата-анамызға өзіміздің қалауды жасаттық. Күйеуім үйінде 40-50 адамға беташар-той есебінде өткізіп құтылдық. Ешқандай дүркіреген үлкен той болған жоқ. Артық шығын жасамай қосылдық, есесіне үйлі болдық», - дейді Айдана.
Оның бұл жазбасын желі қолданушылары қолдай кетті.
«Өте дұрыс, өз ойы бар жастар көбейгені қуантады. Артық кредит, киітке бола ұрыс-керіс те жоқ. Бақытты болыңдар. Мұндай жастар жақсы тұрады деп сенемін», «Мен де осыны қолдаймын, қазақ беталды шашылудан әлемде бірінші орында ғой», «Артық шығын не керегі бар есесіне үйлі болдыңыздар», - деп жарыса жазды оқырмандар.
Оңтүстіктің жастары аста-төк той жасаудан неге бас тартып жатыр?
«Діни экстремизмді насихаттаған»: Алматы полициясы 44 жастағы күдіктіні ұстады
13:15, 14 қараша 2026
«Сүйемін деші»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)
12:31, 14 қараша 2026
Ғылым және жоғары білім министрлігінде кадрлық өзгеріс: Вице-министр қызметінен кетті
10:13, 14 қараша 2026
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026