Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өнерге біздің жанымыз ашымаса, басқа ешкімнің жаны ауырмайды" - Майра Мұхамедқызы

14:36, 12 сәуір 2025 106

Опера әншісі өз ойын желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  Alash.kz.

«Менің жазған жазбам қоғамда осындай дүрбелең тудырады деп ойламаппын. 150,000 адам көріп, 700 ден аса мақтап даттап жазған комментарлар. Халық айтса қалып айтпайды деген. Сіздердің тілектеріңіз баталарыңыздың арқасында тәуір болып қалдым. Жақсы сөз жарым ырыс. Мені жігерлендіріп ынталандырып жібердіңіздер! Жалғыз емес екенмін арқамда дүйім халық тұрғанын нағыз халық әншісі екенімді сезіндім. РАҚМЕТ баршаңызға!!!
 
Майра Мұхамедқызы жазбасы үшін басыңа қауіп төнуі мүмкін деген оқырманға да жауап берді:
Қорқпайсыз ба абай болыңызшы сақ болыңыз дейді жаны ашып жатқан жақсыларым. Шегірткеден қорыққан егін екпес дейді. Егер өнер үшін театр үшін біздің жанымыз ашымаса, өнермен қатысы жоқ адамдардың жаны ешқашан ауырмайды. Оларға бәрібір. Көріп келеміз. Аман болайық!», — деп жазды опера әншісі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар