Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Соғысты дереу тоқтату оңай емес… Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады» – Тоқаев

09:51, 30 қыркүйек 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында Ресей-Украина қақтығысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

ARD телеарнасының тілшісі Демиан фон Остен Президенттен Омбы қаласында айтқан соғысты уақытша доғару туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, Ресейдегі қазіргі ахуалға баға беруді сұрады.

– Бүгін мен Владимир Путин Ресей басшысы әрі мемлекет қайраткері ретінде Орталық Азия мен Еуропаға, оның ішінде Қазақстанға, жалпы тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға екенін анық айттым. Бұл Сізге тосын болса да, турасы сол.  Мен оны өте жақсы білемін. Оның бойынан тарихы қым-қиғаш алып елдің басшысына тән қасиеттердің бәрі табылады. Ел алдында тұрған күрделі стратегиялық мақсаттарды өзінше түсінеді.  Әрине, Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Мен әуел бастан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерін қатаң ұстанатынын айтқанмын. Біз барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығы қағидатын сақтауға және құрметтеуге үндеп келеміз. Украина халқына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, тіліне зор құрметпен қарайтынымызды бұрыннан айтып жүрміз. Мен соғысты дереу тоқтату туралы айтпадым. Қазіргі жағдайда мұның оңай емес екенін түсінемін. Менің меңзегенім: Украина аумағындағы әскери іс-қимылды уақытша доғарып, дипломатиялық процеске көшу немесе қандай да бір келіссөз бастау еді, – деді Қазақстан Президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар