Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Орныңды кім толтырады? Бірге жерлеймін»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың сыңары жазба жариялады (ФОТО)

15:22, 29 қыркүйек 2026

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғада қаза тапқан сарбаз Мирас Тұрдыбекұлының егіз сыңары Диас марқұм бауырына арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол қайтыс болған Мирасты жоқтап, әке-анайына өзі бас-көз болатынына уәде беріп, бауырымен бірге өзінің бір киімін жерлейтінін жазды. Диас егізінен айырылғандағы ауыр жан күйзелісін өлең жолдарымен былайша жеткізді:

«Мирас әлі мен егіз деймін,

Келер әлі Мирас деп, сені іздеймін...

Күллі жұртқа сені мақтап мен әлі,

Жаман ана тапқан ұл дегізбеймін...»

Одан кейін ол марқұм бауырының орнын ешкім толтыра алмайтынын өкінішпен жеткізіп, ата-анасына қамқор болуға сөз берді. Сондай-ақ сыңары Мирасты жоғалтып алып, іздеген шарасыз сәттерін де еске алып, оны табуға қолынан келгенше аянбай тырысқанын білдірді.

«Бауырым, сенің орның бір бөлек еді. Сенің орныңды кім толтырады? Қолдан келер шара бар ма? Тек сені еске алумен өтем. Уайымдама, әкем мен анама өзім бас-көз боламын. Мені сағынсаң, осымен сағынышыңды басарсың деп, ертең өз бір киімімді өзіңмен бірге жерлеймін. Тек осылай бір-біріміздің сағынышымызды басайық, егізім-ау...Қолдан келер шара бар ма, бауырым-ау. Менің де қолымнан түк келмеді, іздедім, таба алмадым. “Диас, мен мындамын” деп белгі бердің ғой әр жерден. Егізім-ау, жаның жәннатта болғай», — деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар