Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қызды көлікпен қағып, қашып кеткен": Астаналық жүргізушінің әрекеті әшкере болды (ВИДЕО)

14:18, 29 қыркүйек 2026

Астанада Мәңгілік Ел даңғылында бойжеткенді көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні сағат 11:26-да орын алған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан Jetour маркалы автокөліктің қызды қағып кетіп, тоқтамастан әрі қарай жүріп кеткенін көруге болады. Кадрлар қайғылы жағдайға куә болған өзге көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Jetour T2 көлігінің жүргізушісін ұстады. Тәртіп бұзған азаматтың көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар