Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастық»: Тоқаев Германия президентімен кездесті

19:00, 29 қыркүйек 2026

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысы Германияға сапармен келуге шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтты.

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президенті Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толатынын еске салды. Осынау кезеңде екі ел серіктестіктің барлық бағытында елеулі табысқа қол жеткізді.

Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. 

Ол Қазақстан Президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, мүлдем жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар