Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұлы күдікке ілінді»: Щучинскідегі ерлі-зайыптылардың қазасына қатысты сұмдық ақпарат шықты

09:19, 30 қыркүйек 2026

Ақмола облысында 39 жастағы ер адам туған анасы мен өгей әкесін үйімен қоса өртеп жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында болған. Тілсіз жау жер үйдің шатырын, жарты бөлігін және қорасын толығымен шарпыған.

Куәгер әрі көршісі болған жағдай туралы:

«Сағат сегіз жарым шамасында сиренаның дауысын естідім. Қарасам, бәрі отқа оранып жатыр, Кейін газ баллоны жарылды», — деп еске алады.

Тәртіп сақшылары күдікті ұлды көп ұзамай ұстады.

«Екі адамның қаза болуына әкеп соққан өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын үйді қасақана өртеген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл күдіктінің алғашқы қылмысы емес. Ол бұған дейін өз туған ағасын пышақтап өліміне себепші болып, 6 жыл мерзімге жазасын өтеп шыққан. Ал өрттен қаза тапқан марқұм әйел кезінде неміс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар