Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арайлым Шегенова Қазақстанға Азия ойындарының тарихи медалін сыйлады

13:20, 29 қыркүйек 2026

Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кураштан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

ҰОҚ мәліметінше, финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Бұл бәсекеде кореялық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Арайлым Шегенова Азиада-2026-ның қола медалін иеленді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарында кураштан еншілеген тарихтағы алғашқы медалі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар