Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов желідегі парақшасында жазба жариялап, жақын күндері гастрольдік сапарға шығатынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі алдағы уақытта бірқатар қалада шығармашылық кеш өткізуді жоспарлап отыр.
«Құрметті достар, Алла қаласа, сіздің сүйікті қалаларыңызға гастрольдік іс-сапармен барамыз. Жаңа бағдарлама. Келіңіздер. Әдемі кештің куәсі болыңыздар», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.