Әнші Жазира Байырбекова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның бір кездері өзіне айтқан тілегін еске алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі желідегі жазбасында Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне қыз баланың анасы болуын тілеп, оған арнап өлең шығарғанын айтты. Арада көп уақыт өтпей, Жазираның қызы дүниеге келген.
«Бір кезде Айекем маған: «Жазира қыздың анасы бол», деп өлең шумақтарын арнап еді. 9-10 айдан кейін қызды болдым. Содан бері «Айнұрдың аузы дуалы екенін жиі байқап жүрмін Айекем, жақсы тілегің қабыл болсын», – деп жазды Жазира Байырбекова.