Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сөзі денемді тітіркентті. Бір жері кеміп қалады да...»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучтың сөзін сынап тастады

17:26, 29 қыркүйек 2026

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова енесінен сұранатын келіндерді сынға алған коуч Роза Әшірбаеваның сөзіне қатысты ашық пікір білдіріп, желідегі парақшасында жауап жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Продюсер өз сөзінде үлкенді құрметтеу мен отбасылық сыйластық мәселесін көтеріп, коучтың бұл кеңесін құптамайтынын жеткізді.

«Сұранса бір жері кеміп қалады да, сұранбай кетсе қарағайдай маңдайына мүйіз шығады ма екен? Жастар онсызда үміт артып, өсіріп отырған өз ата-анасын емес, осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті, үлкенді құрметтеу жоғалып, бұлай азғыруға болмайды, осындай ақылды өз ұрпақтарына үгіттеп бере бергені дұрыс ау. Осыдан кейін отбасыларында қалай ауызбіршілік болсын. Менде енемін, келін маған айтпақ тұрмақ, менің өзім айтпай, ескертпей кетпеймін, біздер бір отбасы емеспіз бе. Кейде келіндеріммен ақылдасамын, не киейін, не алып барсам болады деп, олар дереу сыйлыққа тапсырыс беріп, көмегі жаныма шуақ шашады. Содан кейін керемет көңіл-күймен, осыларды бере салған құдайға рақмет деп, шүкіршілігімді айтып, мәз болып үйден шығамын. Ал, күйеуіңнен сұрансаң не болыпты, бір жағдай болып қалса, жүгіретінде сол отбасың, күйеуің емес пе, әрине Роза емес. Мен Розамен сыйласамын, бірақ мына сөзі денемді тітіркентті. Құрметті аналар, келіндер, біреудің емес, өз ақылдарыңызбен, білсеңіз өз анаңызбен, сіз жақсы болыңыз, жаман болыңыз өсектен ажырамай отырған өз енеңіз, олда сіздің анаңыз, сіз оның өмірін жалғастырып сол әулеттің ұрпағымен сусындап отырсыз, сіздің нағыз жанашырыңыз осы кісілер ғана. Ерегісті тоқтатып, менмендікті, өзімшілдікті тоқтатып, тек жақсы ойлармен, ол кісілерге деген мейіріммен өмір сүріп көріңізші. Жолыңыз ашық, өміріңіз керемет, табысыңыз берекесімен болады», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар