Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оңай болмады... Алғысымды білдіремін!»: Айбек Оралбай Азиядадан кейін мәлімдеме жасады

12:08, 05 қазан 2026

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетіп, құрама қоржынына кезекті алтын медальды сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz.

Дүбірлі додада топ жарған отандасымыз шешуші жекпе-жектен кейін әсерін бөлісіп, финалдық бәсекенің қалай өткенін баяндап берді.

«Араға 12 жыл салып, Төрехан бірінші болып алтын медальді жеңіп алды. Мен де ұлттық құраманың капитаны ретінде бар күшімді салдым деп ойлаймын. Финалдағы қарсыласыммен төртінші рет кездестім. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Азия ойындары басталғалы бері бір-бірімізге тыңғылықты дайындалдық. Өйткені финалда жолығатынымызды екеуміз де білдік. Бірінші раунд 3:2 есебімен аяқталды. Ал екінші раундта қалай да жеңіске жетуім керек болды. Өзбекстандық боксшы да әлем чемпионатында кеткен есесін қайтаруды көздеді. Екі күн демалғаннан кейін шаршы алаңға қайта үйренісу оңай болмады. Соған қарамастан, бәрі ойдағыдай өтті. Бапкерлерімнің көмегімен жекпе-жекке тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалдық. Соның нәтижесінде жеңіске жеттік деп ойлаймын. Барша қазақ жанкүйеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ федерациямызға және осы жетістікке жету жолында көмектескен барша жанға көп рақмет», — деді Айбек Оралбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар