Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сотта жеңіске жетті»: Қуандық Бишімбаевтың анасы мен экс-әйелінің дауы аяқталды

11:24, 05 қазан 2026

Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұрынғы келіні Назым Қаһарманды сотқа беріп, дауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында екі тарап арасындағы коммерциялық жылжымайтын мүлік пен одан түскен жалға алу табысына қатысты іс қаралды.

Анықталғандай, 2023 жылдың қарашасында Нұрлыбекова өзіне тиесілі ғимаратты 2029 жылдың қазан айының соңына дейін Қаһарманға сенімгерлік басқаруға тапсырған. Десе де, кейін экс-министрдің анасы бұрынғы келіні нысанды бөгде тұлғаларға жалға беріп, одан түскен пайданы өзіне қайтармағанын және қаржылық есеп ұсынбағанын айтып, шағымданды.

Сот процесі кезінде Нұрлыбекованың заңды өкілі «Назым Қаһарман» жеке кәсіпкерлігінен 14 миллион теңгеден астам борышты, сонымен бірге мемлекеттік бож бен адвокаттық қызмет шығындарын өндіріп алуды талап етті. Өз кезегінде жауапкер тағылған талаптармен келіспей, арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Барлық банк үзінділері мен қаржылық құжаттарды мұқият сараптаған сот талап қоюшының арызын тек толық емес, ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

«NazKa ЖК-дан 6,6 миллион теңге сомасындағы берешек, 66,6 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік бож және өкілдің қызметіне төленген 666,5 мың теңге шығын өндірілсін. Талап-арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылсын», — деп хабарлады сот өкілдері.

Шығарылған сот үкімі әлі ресми түрде заңды күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Еске салсақ, 2024 жылдың мамыр айында Қуандық Бишімбаев өзінің азаматтық жубайы Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өтіргені үшін айыпты деп танылып, 24 жылға сотталған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар