Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

22:31, 04 қазан 2026

Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әзірбайжан астанасында дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жарыс күнінің финалдары өтіп жатыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз Шерзод Давлатов -60 кг салмақтың ақтық сынында жергілікті палуан Ахмед Юсифовпен күресті. Бас жүлде жолындағы шиеленісті белдесуде Әзірбайжан өкілі басым түсті. Осылайша, Шерзод жарысты 2-орында аяқтады.

Шерзод Давлатовтың бүгінгі финалға дейінгі белдесулері:

Жартылай финал: әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаяма (Жапония); 

Ширек финал: әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикар (Франция);

1/8 айналым: Панамерика ойындарының чемпионы Микел Аугусто (Бразилия); 

1/16 айналым: Рауль Брийан Нганджи (Бурунди);

1/32 айналым: Лойк Кудбудинов (Тәжікстан); 

Баку қаласындағы чемпионат 12 қазанға дейін созылады. Биыл 93 мемлекеттен 622 татами шебері қатысып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар