Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Президенттің шешімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалып, бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына бекітілді.
Бұдан бөлек, Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.