Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҰОҚ мәліметінше, Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды.