Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту»: Қорғаныс министрі әскери бөлімдерді тексеруді бастады

21:00, 04 қазан 2026

Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Министрліктің мәліметінше, генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысты. Тексеру кезінде казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар