Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында кадрлық ауыс-түйіс болды: Кеген және Талғар аудандарына жаңа әкімдер келді

18:00, 04 қазан 2026

Алматы облысында кадрлық ауыс-түйіс болды. Кеген және Талғар аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, Алматы облысы әкімінің өкімімен Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков Кеген ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Таңат Есенкелдіұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және әкімшілік-шаруашылық қызметі» мамандығы бойынша және 2017 жыл Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Бақанас ет комбинатында бастап, әр жылдары «Қуаныш» АҚ-ның есепшісі, Әуезов ауданы әкімі аппаратының Экономика, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімдерінің бас маманы, Әуезов ауданы әкімі аппаратының бас маманы және осы бөлімнің басшысы, Түркісіб ауданы әкімі аппаратының нарық қатынасын дамыту, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімдерінің бастығы, Алматы қаласы Түрксіб, Бостандық аудандары әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2023 жылдан осы уақытқа дейін Талғар ауданын басқарды.

Сондай-ақ Алматы облысы әкімінің өкімімен Әскербеков  Әнуар Жанболатұлы Талғар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Әнуар Жанболатұлы 1992 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде магистр дәрежесін алған. 

Әр жылдары «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы»   КЕ АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” департаментінің жоспарлау және талдау бөлімінің 1-ші санаттағы экономисті,  жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және талдау басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының бас маманы, Алатау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы,  «Алматы тазалық» МКК директорының жалпы сұрақтар және қаржы мәселелері бойынша орынбасары лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың сәуір айынан бері  Талғар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар