Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан 84 жүлде жеңіп алды: Жапонияда Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті

16:00, 04 қазан 2026

Аичи-Нагояда ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жабылу салтанатында еліміздің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.

Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 1958 жылы Токиода және 1994 жылы Хиросимада өткен жарыстардан кейін Жапонияда ұйымдастырылған үшінші Азия ойындары болды.

Биыл елімізден 35 спорт түрінен 558 отандасымыз жарыс жолына шығып, нәтижесінде 84 жүлде (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 8-орынға тұрақтады.

Енді Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында өз тарихында екінші мәрте Қатар астанасы Доха қаласында өткізіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар