Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің дипломатиялық корпусында кадрлық өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының шешімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Сонымен бірге ол Қазақстанның Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы міндеттерінен де босатылды.