Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

22:00, 03 қазан 2026

Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Финалда қазақстандық гимнастар 51,550 ұпай жинады. Бес доппен орындалған жаттығу үшін 25,450 ұпай, ал үш шығыршық пен екі жұп ұршықты қолданған бағдарлама үшін 26,100 ұпай алды.

ҰОҚ мәліметінше, Қазақстан құрамасы сапында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті.

Қытай құрамасы 55,300 ұпаймен жеңімпаз атанса, Жапония командасы 52,500 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар