Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өмір сүргім келмейді”: Туған 2 ағасы 6 жыл бойы зорлап келген 13 жастағы қыз туралы тың дерек шықты

13:35, 07 қаңтар 2025 1727

Жамбылдағы 13 жастағы қыз туған екі ағасынан 6 жыл бойы қорлық көрген. Осы іс туралы тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Alash.kz  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл жантүршігерлік оқиғаны бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді.  

Оның айтуынша, жәбір көрген қыз жергілікті психологқа «өмір сүргім келмейді» деп бірнеше рет хат жазған. Алайда, психолог бұл хатқа аса мән бермеген көрінеді. Оның үстіне, қыздың анасы күні-түні жанында бола тұра, оның бұлай қорлық көріп жүргенін байқамадым депті. 

«Жамбыл облысында 13 жастағы қызды қайтыс болған әкесінің туған екі бауыры алты жыл бойы зорлап келген.  Былтыр желтоқсанда ол бала психологқа хат жазып, «өмір сүргім келмейді» деп айтқан. Бірақ, ешкім оған назар аудармаған. Оны ағалары алты жыл бойы зорлаған. Менің әріпестерім оқиға орнына барған. Өкінішке қарай, қыздың жүкті екені анықталып, ол босанды», - дейді Зәкиева.

Осы ретте бала құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда мектеп психологтарының саны аз екенін және олар көп жағдайда дұрыс әрекет етпейтінін айтып өтті.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар