Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ азаматтығын 1 млрд долларға сатып алғаны рас па?

10:17, 30 мамыр 2022 262
 



Әлеуметтік желіде Біріккен Араб Әмірлігінің әділет министрі Абдолла бен Сұлтан Авад әл-Нуаймидің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне азаматтық берген ерекше жарлығы туралы ақпарат пайда болды.

Сонымен қатар, БАӘ әділет министрінің сөзі: «Төлқұжат үшін 1 миллиард доллар төлеуге дайын адамдар біздің елде тұруға лайық деп санаймын».

Бұл ақпаратты Ulysmedia.kz дереккөздері растады.

Бұл елде азаматтық туралы заңға өзгертулер өткен жылдың соңында қабылданғаны белгілі. Үміткерлер тек бірнеше шарттарды орындауы керек. Ақшаға келетін болсақ, заң инвесторды БАӘ-де жылжымайтын мүлікке ие болуға немесе экономика министрлігі бекітетін патент алуға міндеттейді. БАӘ мұғалімдерді, инженерлерді, дәрігерлерді, ғалымдарды және шығармашылық кәсіп өкілдерін қабылдауға дайын. Бірақ олардың бірегей ғылыми салада тәжірибесі, мамандығы бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және халықаралық марапаттары болуы керек.

Біріккен Араб Әмірліктері Парсы шығанағы елдері арасында мұндай шешім қабылдаған алғашқы мемлекет. Бұған дейін шетелдіктерге азаматтық ерекше жағдайларда берілетін.

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратпен таныс еместігін айтып, Қазақстан Республикасының заңында қос азаматтыққа тыйым салынғанын еске салып, көші-қон полициясынан анықтауды ұсынды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар