АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Мексико штатының атауын «Нью-Америка» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, оған Нью-Мексико атауын «Нью-Америка» деп ауыстыру жөнінде ұсыныстар түскен. Трамп бұл бастаманың өзіне ұнайтынын айтып, ұсынысты қолдайтынын білдірді.
«Көптеген адам сайлаудағы бұрмалаушылықтар бойынша тарихтағы ең ұлы штаттардың бірі саналатын Нью-Мексиконы "Нью-Америка" деп өзгертуді ұсынды. Бұл атау болашағы зор штаттың тұрғындары үшін әлдеқайда беделді әрі әдемі естіледі. Уау, маған бұл ұнайды!» – деп жазды Дональд Трамп.