Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Марқұм анасының зейнетақысын алу үшін әйел образын жасаған” - 57 жастағы ер адамның әрекеті әшкере болды (ФОТО)

20:51, 26 қараша 2025 218

Италияның Борго Вирджилио қалашығында 57 жастағы ер адам қайтыс болған анасының атынан зейнетақы алуды жалғастырмақ болғаны үшін бірнеше бап бойынша айыпталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу дерегіне сүйенсек, ол анасының жеке куәлігін жаңарту қажет екенін білген соң, әйелге ұқсауға тырысқан: парик киіп, макияж жасап, әйел киімдерін киген. Осылайша жаңа құжат рәсімдеп, зейнетақының тоқтамауын қамтамасыз етуді көздеген.

Мемлекеттік органға барғанда ер адамның бейнесі қызметкерлерге күдік тудырған. Ол өзін жайсыз сезініп, тіпті есінен танып қала жаздағаны айтылды. Осыдан кейін қызметкерлер оның құжаттарын тексеріп, анасының бірнеше ай бұрын қайтыс болғаны анықталған.

Қазір күдіктіге алаяқтық және құжатты заңсыз алу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар