Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда сөзбен қорлап тиіскені үшін әйелі күйеуін түрмеге тоғытты

09:05, 02 мамыр 2024 1954

Маңғыстауда әйелі күйеуі сөзбен балағаттап, күш көрсеткенін айтып, полицияға шағымданған. Ер адам 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Түпқараған аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Е. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық (Физикалық ауырлық келтіре отырып ұрып-соғу немесе күш көрсету, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келмеген) туралы іс қаралды.

"Сотта Саин Шапағатов ауылының тұрғыны әйелімен жанжал кезінде оны қорлап, бір қолымен мойнынан ұстап тұрғаны, яғни күш көрсеткені, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмегені анықталды", – деп атап өтті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар