Әнші Тамара Асардың жолдасы Бекмырза Жұмаштың ұлы Әлішер мезгілсіз дүниеден өтті. Қаралы хабарды Қостанай облысының Наурызым ауданының әкімі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл - орны толмас ауыр қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін», - деп жазды Науырзым ауданының әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әнші Тамара Асар жолдасының бірінші некесінен туған ұлын туған күнімен құттықтап, желідегі парақшасында жазба жариялаған болатын.