Белгілі актриса, продюсер Дариға Бадықованың экс-жары, актер Дархан Мұсаев бұрынғы әйелімен тұрған 16 жыл ішінде туған-туыстарымен ара-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында жүргізушінің “күшік күйеу болғаныңызға өкінесіз бе?” деген сұрағына Дархан Мұсаев іркілместен, өкінетінін айтты.
Өмірдің өзі өкініштен тұрады. Өкінемін. Қатты өкінемін.
Өнер адамы бірге өмір сүрген уақыттарында әкесі мен бауырларының үйге жиі беттемегенін, олармен араласудан қалғанын жасырмады.
Әкем әсірелеп айтқанда, 2 рет, нақты 3-4 рет қонған шығар. Үш бауырым бар ғой. Екі ұл, екі қыз. Бейбіт Мұсаев бауырым, дәстүрлі әнші келіп тұрады. Өнер адамы болғаннан кейін, бар болғаннан кейін қабағын ашатын шығар. Үлкен бауырым төрт-бес рет қонды. Ал, туған әпкем бар, ана орнына ана болып қалған. Мәншүк деген. Ол 16 жыл бойы мүлдем үйді көрмеген ғой. Енді, Дариғаның қабағынв қараймын. Соған еріп қалғанмын. Соның қабағына қараймын. Жақтырмайды. Осы тыныш болсыншы деймін. Қатынжанды болып кеткенмін ғой, ашығын айтқанда.