2025 жылдың 5 қазанында Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қарасты қатардағы сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Алдын ала медициналық қорытынды бойынша, шекарашының өліміне менингококцемия ауруы себеп болған. Дәрігерлердің айтуынша, дерт аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады және тез өршіп, адам өміріне қауіп төндіреді.
“Аталған жағдай бойынша Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Сондай-ақ қызметтік тексеріс тағайындалды”, - деп мәлімдеді ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.