Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші, ағайын! Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты қуанышты хабар тарады (ВИДЕО)

15:22, 05 қазан 2025

Бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов бапкер Бақыт Сәрсекбаевпен болған әңгімесін баяндап, оның ұлттық құрамамен қайта жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Alash.kz.

"Бақыт Сәрсекбаев – қазіргі таңда өте мықты, тәжірибелі бапкер. Әрине, алғашында U-22 құрамасымен жұмыс бастағанда кейбір қиындықтар болған еді, содан кейін біраз үзіліс алды. Бірақ қазір сабырлы, ақылды күйде қайта оралды. Оған тағы мүмкіндік берілді. Шынын айтсам, оның оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру тәсілі, спортшылармен жұмыс істеуі – бәрі жоғары деңгейде", – деді Ибраимов.

Олимпиада чемпионы әріптесіне ұлттық құрамаға қайта қосылу жөнінде кеңес бергенін де жасырмады.

"Мен оған: "Бақыт, сен міндетті түрде Қазақстан құрамасына қосылуың керек" дедім. Ол болса: "Қалай барамын, ол жақта бас бапкер бар ғой", – деді. Мен: "Саған бас бапкер болу шарт емес, аға жаттықтырушы ретінде бар. Егер еліміздің Олимпиада медальдарына үлес қосқың келсе, сол жолмен баруың керек", – деп кеңес бердім", – дейді Ермахан Ибраимов.

Айта кетейік, 2025 жылы Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен қазақстандық боксшылар 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар