Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кетіп қалсам да, ақша сұрап мазамды алған” - Дариға Бадықова күйеуі туралы өз шындығын айтты

12:43, 05 қазан 2025 221

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевтың “Уақыт көрсетеді” YouTube арнасына берген сұхбаты әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бадықова бұл сұхбатқа бейжай қарамай, өз парақшасында бұрынғы күйеуінің айтқан сөздерін “өтірік” деп атады. Ол қоғам алдында үнсіз қалмай, ішіндегі шындықты ашуға мәжбүр болғанын айтты.

“Менің өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпадым. Бекер жасаған екенмін. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен “жертва” болып отыр. Мен ажырасып кеткеніме біраз уақыт болды. Артысып, тартысып бір үйде жай тұрып жаттық. Толық айтамын бәрін. Кинога жасаған қастандығы. Мені қызғансаң да өнерімді тартып ала алмайсың. Бақытты болып өмір сүрмедік. Уылжып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім-ай…”, – деп жазды актриса ашына.

Өнер иесі бұл мәлімдемесімен бұрынғы некелерінде болған ауыр сәттерді тұспалдап жеткізді. Бадықованың жазбасынан оның ұзақ уақыт бойы үнсіз қалып, қоғам алдындағы “бақытты жұп” бейнесін сақтап келгені байқалады. Алайда шынайы өмірде бәрі басқаша болған.

Актрисаның айтуынша, ажырасқан соң да ол бұрынғы күйеуіне материалдық көмек көрсетіп келген.

“Кеткен әйел қашан да жаман. Өзім әйел еркек болудан шаршадым. Қырық өтірігін бәсіп отыр. Әлі істейтін ісі жоқ екен. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын білмейтін. Кетіп қалсам да ақша сұрап мазамды алған. Кейінгі кезде ақша бермей қойғанмын. Ажырасып кетсем де сау адамға ақша беріп тұрдым. Құрбыларым тоқтатты берме деп. Ақша бермей қойғансың шығар деп отыр осы әңгімесін”, – деп жазды продюсер.

Көпшілік әлеуметтік желіде екі тараптың айтқандарына түрлі пікір білдіруде. Бірі актрисаның ашық мәлімдемесін қолдаса, енді бірі “жеке өмірді жұрт алдына шығарудың қажеті жоқ” деп есептейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар