Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Малдың тезегін жегізген": Қарағанды облысында ұзақ жыл құл ұстаған адам құрықталды

10:55, 25 сәуір 2025 269

Ол балалар үйінен 6 бала асырап алып, құлдыққа салып, біреуін мүгедек қылған, деп жазады Alash.KZ.

Оқиға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты ауылда болған.

Тергеушілердің мәліметінше, отбасы 2018 жылы балалар үйін ашып, алты жеткіншекті асырап алған. Оларды бірден малға салып, қора-қопсысын қаратып, қара жұмысқа жеккен. Тіпті балалардың ботқасына "малдың тезегін қосып берген". Үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған.

Соққыға жығылған балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін тыртық анықтаған. Ең кішісінің басын жарып тастаған. Ал балаларға ай сайын төленетін 300 мың теңгені өздері жаратқан. 

Нәтижесінде отбасының үш мүшесіне азаптау бабы бойынша айып тағылды. Қазір үш бала туған әжесінің қарауына берілген. Қалған үшеуі балалар үйіне қайтарылып, құлдықтан құтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар