Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Лауазымды қызметінен кетеді”: Иманғали Тасмағамбетов қайда ауысып жатыр?

17:14, 24 қараша 2025

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 27 қарашада ұйымның жаңа бас хатшысының кандидатурасы қарастырылатынын мәлімдеді. Қазір бұл лауазымды Иманғали Тасмағамбетов иеленіп отыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

ҰҚШҰ-ның мәліметінше, 27 қарашада Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.

Отырысқа қатысушылар бірлескен жұмыс бойынша өзекті мәселелерді, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайтуды талқылайды.

"ҰҚШ-ның ҰҚК сессиясында, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер жөніндегі ортақ көзқарасы көрсетілетін декларацияны қабылдау және алдағы үш жылдық кезеңге (2026-2029 жылдар) ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымына кандидатураны қарастыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымын 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар