Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

КТК-ның екі құрылғысы мұнай айдауды тағы да тоқтатқан

04:44, 22 тамыз 2022 303
[ad_1]



Қазақстан мұнайын экспортқа айдайтын Новоросийскідегі Каспий құбыр желісі консорциуымының екі құрылғысы жұмысын тағы да тоқтатқан. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.


"КТК екінші құрылғыны техникалық тексеріске байланысты 17 тамыздан бастап тоқтатты, бірінші құрылғы да осындай себеппен тамыздың басынан бастап тоқтатылған", — дейді Reuters. Үшінші құрылғы мұнай айдап тұр.


Кейінгі айларда КТК құрылғылары бірнеше рет тоқтаған.


Наурыз айының соңында консорциум теңіздегі дауылдан кейін құбыр құрылғыларына елеулі нұқсан келгенін мәлімдеген. Германияның Handelsblatt газеті кейін зерттеу нәтижесін жариялаған. Онда авторлар "негізгі себеп дауыл емес, Ресей Қазақстан мұнайын Еуропа нарығына шығармауға тырысқан" деген тұжырымға келген.


Маусымның 15-і мен 25-і аралығында КТК Қазақстан мұнайын тек бір құрылғымен ғана айдаған. Онысын "су астындағы қауіпті заттарды жоюға дайындық жұмыстарымен" байланыстырған.


5 шілдеде Ресейдің Новороссийск қаласындағы аудандық сот Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК - КТК) жұмысын 30 тәулікке тоқтатқан.


Осыдан кейін Каспий құбыр желісі консорциуымы Новоросийск аудандық сотына КҚК жұмысын тоқтатуды шегере тұру туралы өтініш жолдаған.


Консорциум өкілдерінің айтуынша, "заң бойынша өндіріс процесіне орасан зиян келтіретін шараларға жол беруге болмайды".


Краснодар аймақтық соты Каспий құбыр желісі консорциуымы (КҚК) түсірген апелляциялық шағымды қарап, КҚК жұмысын 30 тәулікке тоқтату туралы Новоросиийск аудандық соты шығарған шешімді бұзып, КҚК-ға 200 000 рубль айыппұл салды. .


Каспий құбыр желісі арқылы тасымалданатын мұнайдың 90 пайызға жуығы – Қазақстаннан келеді және олар түгелге жуығын шикізатпен "Теңіз", "Қашаған", "Қарашығанақ" мұнай жобалары қамтамасыз етіп отыр. Осы құбырмен Ресей мұнай кеніштерінде өндірілген біраз шикізат та тасымалданады.


Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысы тоқтатылатыны жайлы ақпарат шыққаннан кейін 7 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауды диверсификациялауды маңызды міндет деп атады. Осыған орай ол Транскаспий бағытын жүзеге асырудың оңтайлы әдісін тауып, екі құбыр желісінің қуатын көбейтуді тапсырған.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар