Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көзінде жас толып тұр, әкесін сағынып жүр»: Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарып, көпті жылатты (ВИДЕО)

10:30, 25 мамыр 2025 213

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, сұхбат берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Өткенде үйде кенже ұлыма қатысты бір жағдай болды. Кешкісін бөлмесіне кірсем, менен тығыла берді, сұрақтарыма теріс қарап жауап берді. Байқап қалдым, Сардар десем, иә, анашым дейді де, өтірік шұлығын шұқылаған кейіп таныта берді. Сардар, маған қарашы дедім, көзінде жас толып тұр. Не болды десем, телефонымды тазалап жатыр едім,  әкемнің көптеген суреті мен видеосын көрдім деді.

Үнемі көңілді жүруге тырысады. Бірақ осы жолы көзіне жас алғанда, әкесін сағынып жүргенін түсіндім. Баламды көріп, мен мұңайып қалғанда, «Анашым, уайымдамауға тырысамыз, иә?!» деп мені жігерлендіріп жатыр. Қайраттың 4 ұл, 1 қызы бар. Әттеген-ай дейтінім, ол енді балаларымның қызығын көремін дегенде өмірден өтіп кетті», – деді тележүргізуші «КешREC» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар