Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көкшетаудағы жол апаты: Аулада әйелді басып кеткен жүргізушіге үкім шықты

16:38, 23 маусым 2026

Көкшетау қалалық соты жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырып, жаяу жүргіншіні өлімші етіп қаққан әйелді 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырғанымен, оның тәрбиесінде екі кішкентай баласының болуына байланысты жазаның атқарылуын 3 жылға кейінге шегерді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот отырысында айыпталушы күйеуінің денсаулығы кенеттен сыр бергендіктен, амалсыздан көлік тізгініне отырғанын алға тартты. Өз кезегінде, көлік иесі саналатын жұбайының әйеліне рульді рұқсатсыз бергеніне қатысты іс бөлек өндіріс ретінде қаралмақ.

Сот үкім шығару барысында бірнеше жеңілдеткіш мән-жайларды негізге алды. Олардың қатарында сотталушының жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, асырауында жас балаларының болуы, келтірілген моральдық зиянды өз еркімен толық өтеуі және бұған дейін заң бұзбағаны ескерілді. Бұған қоса, жәбірленуші тарап та айыпталушыға ешқандай материалдық немесе моральдық кінә артпайтынын жеткізіп, оны темір торға қамамауды сұраған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар