Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кісі өлтіру бабы: Әжесі өз немересінің денесін үй ауласына көмген

10:53, 18 сәуір 2024 596

Ақмола облысында 65 жастағы әжей өз өлі немересінің денесін үй ауласына жерлеген. Оқиға 2020 жылы орын алған.

16 сәуір күні түнде жеке тұрғын үйдің аумағынан полицейлер 2018 жылы туған баланың жерленген сүйегін тапты. Бала көзі тірісінде диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.

Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылдың маусымында немересі қайтыс болғаннан кейін, зейнеткер әжесі оның денесін аулаға жерлеген. Тергеушілер кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен (ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс қозғады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар