Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тосынсыйлар болуы мүмкін… Сенбеймін»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова жайлы айтты

19:33, 06 қыркүйек 2026

Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мөлдір Әуелбековамен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Баян Алагөзованың сөзінше, Мөлдір Әуелбекова оның жаңа жобасына қатыспайды.

«Құдайға шүкір, Мөлдір Әуелбекова нақты қатыспайды. Ал Балжан Бидаш туралы әзірге білмеймін. Ештеңе айтпаймын. Тосынсыйлар болуы мүмкін», – деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ продюсер Мөлдір Әуелбекованың бұған дейін одан кешірім сұрағанын еске алды. 

«Менің ойымша, екі рет бір арнаға кіру мүмкін емес. Мөлдір Әуелбекова бұған дейін де кешірім сұрап келген. Мен оған келісімімді беріп, “жақсы” деп қабыл алдым. Ал екінші рет мен қаламаймын. Маған қажет емес және мен енді сенбеймін. Сенуге болмайтын адам», – деді продюсер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар