Антикор Павлодар облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті тапқан адамға 12,7 миллион теңге беруге уәде етілді.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Іздеуде жүрген адамды анықтаған кезде немесе оның мүмкін болатын жері туралы ақпарат алған кезде бұл туралы агенттікке хабарлау қажет. Оның жүрген жері туралы мәлімет бергені үшін 4000 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған» делінген хабарламада.
Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін іздеуде екені айтылды.
1 АЕК=3180 теңге.
Дереккөз