Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстан бокс федерациясына жаңа спорт директоры тағайындалды

20:07, 02 қараша 2026

Мырза Болатұлы Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының Бас хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған Мырза Еркенбек енді федерацияның спорттық бағытына жетекшілік етеді.

Жаңа қызметінде ол ұлттық құрамалар мен жасөспірімдер командаларының оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру және үйлестіру, халықаралық жарыстарға дайындық жұмыстарын бақылау, жаттықтырушылар құрамымен өзара жұмысты үйлестіру, сондай-ақ федерацияның спорттық стратегиясын іске асыруға жауапты болады.

Спорт директорының негізгі мақсаты - Қазақстан боксшыларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық құраманың тұрақты жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау және отандық бокстың дамуына үлес қосу.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар