Әнші Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруды ойлап жүргенін айтты, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі оларды өз алдына отау етіп, бөлек шығару дұрыс екенін түсінгенімен, бұл шешімді қабылдау өзіне оңай соқпайтынын жеткізді.
“Сепарация” сөзінің қазақша баламасы бар ма? Қазбегім мен Асекемді бөлек жіберейік дегенді өзім ойлап, өзімнің көңілім түсіп кетеді. Олардың ойында ондай нәрсе жоқ. Бір ғана ұл болған соң ба, қазақы отбасынан шыққан соң ба, көпшілікке үйренген соң ба, “шығарғанымыз дұрыс-ау” деп ойласам, өзім жылап қалам. Осы жөнінде ойларыңыз қандай?,– деп жазды Жазира Байырбекова.