Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Alash.kz.
Тараптар Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық келіссөздерді қайта жандандыру мәселесін талқылады.
«Мен жаңа ғана президент Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен сөйлестім. Бұл дипломатияны қайта жандандырып, бейбітшілікке жақындау жолдарын талқылаған маңызды әрі мазмұнды әңгіме болды. Бізге бейбітшілік қажет. Ол – абырой мен қадір-қасиетті сақтайтын бейбітшілік болуы тиіс. Украина бұған әлдеқашан дайын. Қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үшін біздің командаларымыз тығыз байланыста жұмысын жалғастырып жатыр», – деп жазды Зеленский.