“Жомарт” кенішіндегі апатқа қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында “Қазақмыс” корпорациясының “Жомарт” кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала нәтижелері қаралды.
Тергеу барысында сегіз кіші комиссия құрылып, оған ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары мен зертханалардың мамандары тартылған. Комиссия төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін кешенді зерттеулер жүргізді.
Алдын ала қорытындыға сәйкес, апаттың негізгі себебі – тау-кен қазбасынан метанның бөлініп жиналуы және электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы. Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Жауапты тұлғалар да белгілі болды.