Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір сен едің аңсаған таңым алда…": Роза Рымбаева марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады (ФОТО)

21:00, 11 қаңтар 2026

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева желідегі парақшасында марқұм жұбайы, музыкант әрі дирижер Тасқын Оқаповпен бірге түскен сирек архивтік фотосуреттерін жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда
Бір сен едің аңсаған таңым алда…”,- деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жарияланымға ерекше ықылас білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

 "Ғажайып естеліктер", "Тасқын ағаның жаны жәннатта болсын", "Нағыз таза махаббат", "Ұлдарыңыз бақытты, ғұмырлы болсын", "Осындай екі ғашық жүректің тандемі бізге қаншама әсем әндер мен махаббатқа толы әуендер сыйлады",-  деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар