Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"1 млн теңге несие алды. Видеоқоңырауға шықты": Күдіктінің анасы баласы туралы бар шындықты айтты

19:35, 11 қаңтар 2026

Атырау облысы Махамбет ауданында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты күдікті күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы тың деректерді бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Соңғы рет желтоқсанның 21-і күні ұлымнан 45 мың теңге түсті. Келінге ұялы телефон алып беру үшін 1 миллион теңгені несиеге алдыртып еді”, – дейді күдіктінің анасы.

Гүлнәр Әзмұханова баласымен соңғы рет қашан хабарласқанын айтты.

“11 желтоқсан күні хабарластым. Атыраудамын деді. Бір айтқанын түсінбей, нақтылап сұрадым, сол кезде видеоқоңырауға шықты. Балалардың суретін көрсетіп, "міне, балаларың аман, өзің қалайсың, Ақбаян қалай?" деп сұрадым. "Жақсымын, уайымдама, тағы хабарласамын" деді. Содан кейін байланыс үзілді. Шетелге кетемін деп ештеңе айтпаған. Тек қалаға апарып емдетіп алып келемін деген", – деді Гүлнәр Әзмұханова “КТК” арнасының тілшісі Жанат Молдашоваға берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар