Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Химиятерапиядан кейін денсаулығы нашарлап кеткен": Дәрігерлер 1,5 жыл бойы қатерлі ісіктен емдеген қазақстандық қыз сап-сау болып шықты

12:36, 05 қазан 2024 629
 

Мойнындағы безі ісініп дәрігерге жүгінген Аяжан есімді алматылық қызға медицина қызметкерлері онкология деп диагноз қойған. Алайда бір жарым жылдан кейін науқастың денесінде ешқандай қатерлі ісіктің болмағаны анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ Stan.kz Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Аяжан Үсенғазы мойнындағы безі ісініп, ауруханаға барған. Дәрігерлер берген дәрі-дәрмектен кейін ісік қайтқанымен, араға уақыт салып қайта үлкейіп шыққан. Сөйтіп ол онколог дәрігерге қаралған соң мамандар науқасқа химиятерапия емін тағайындаған. Содан кейін Аяжанның денсаулығы мүлдем нашарлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Ата-анасын танымайтын жағдайға жеткенде дәрігерлер қайта тексеруден өткізу туралы шешімге келген.

“Бірінші тексерілген материалдарды Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына апардық. Ондағылар қатерлі ісік диагнозын жоққа шығарып, мойнымдағы жай ғана ісік екенін айтады. Сол диализбен облыстық ауруханаға келіп едік, олар бізді Ресейге жіберді. Екі аптадан кейін Ресейден “қатерлі ісік жоқ, таза” деген жауап келді”, – дейді Аяжан Үсенғазы.

Диагноз қате қойылғанын білген соң бойжеткеннің өтінішімен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары Алматы өңірлі көпсалалы емханасында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Сөйтіп олардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін Алматы облысының полиция департаментіне жүгінген. 

Алматы өңірлік көпсалалы клиникалық зертхана меңгерушісі зертханалық тексерудің қорынтындысына сүйене келе “лимфома ходжкина” деген диагноз қойып, сол бойынша емдеген. 

Аяжанның айтуынша, қате диагноз қойған дәрігер өз кінәсін мойындап отыр. 

“Бастапқыда қойылған диагноз әзірге расталмай отыр. Ол үшін Аяжанға әрі қарай толық диагностикалық зерттеу өткізуіміз керек”, – дейді зертхана меңгерушісі Мира Нұрсүлейменова.

Аяжанның анасының айтуынша, медицина қызметкерлері тағайындаған емнен соң қызының денсаулығы тіпті нашарлап кеткен. Ал химиятерапияны тоқтатқан соң керісінше, науқастың жағдайы жақсарған. Қызын бір жарым жыл жалған диагнозбен емдеген ана дәрі дәрмекті де, зертханалық тексеруді сатып алып отырған.
“Химияны үнемі сатып алып отырдық. Химиятерапия алған сайын Аяжанның лейкоциті түсті. Оның дәрісі негізі ауруханадан берілу керек. Бірақ мен өзім сатып алдым. Мен ешқашан ауруханадан тегін дәрі алып көрмеппін”, – дейді Эльмира Өмірбаева.
 
Бұл тұста заңгерлер елімізде дәрігерлердің салғырттығын дәлелдеу оңай емес екенін айтады. 

“Медициналық салғырттықты дәлелдеу өте қиын еді. Бірақ соңғы жылдары бұл мәселе шешімін тапты. Өйткені қазір сот-медициналық сараптама деген бар. Қылмыстық кодекстің 317-бабымен іс қозғалып, әрі қарай сараптама тағайындалады. Сараптаманың қорытындысы негізінде процессуалдық шешім қабылданады”, – дейді заңгер Кәмшат Шынтекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар