Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақ. Сүйінші: Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды

15:00, 08 желтоқсан 2025

«Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Қуанышты жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады.

Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды. «Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал, Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Игілікті жолдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін”,- деп жазды министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар