Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Білім сапасын арттыру”: Сүйінші! Еліміздің бас педагогы ел асыға күткен жаңалықты бөлісті

16:48, 07 желтоқсан 2025

Жекеменшік оқу орталықтары мен репетиторлық курстарға баратын оқушылар туралы мәліметтер енді Ұлттық білім беру деректер қорына тіркелетін болды. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, бұған дейін қосымша білім мен репетиторлық орталықтарға баратын балалар жөнінде бақылау жүргізілмеген.

"Репетиторлық орталыққа бару – әр оқушының құқығы. Дегенмен, біз мектептегі білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмысты бастадық. Қай сыныпта, қай пәнде, қандай тақырыпта оқушылар қиналып жүр? Осыған жауапты пән мұғалімдерінде қандай олқылықтар бар? Мұның бәрін талдау басталды", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар