Үндістанның оңтүстік-батысында орналасқан Солтүстік Гоа округіндегі түнгі клубта болған өрттен 25 адам көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 7 желтоқсанға қараған түні Солтүстік Гоадағы Арпора ауылында орналасқан түнгі клубта болған.
Times of India басылымының жазуынша, Гоа штатының полиция бастығы Алок Кумардың айтуынша, жеке басы анықталған марқұмдардың ішінде клубтың 14 қызметкері мен төрт турист бар. Сондай-ақ тағы жеті адамның жеке тұлғасы анықталып жатыр.
Тілсіз жау салдарынан кемінде 50 адам түрлі жарақат алған.
Қазіргі кезде құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
«Марқұмдардың басым бөлігінің денесі асханадан табылды, бұл олардың клуб қызметкерлері болуы мүмкін екенін көрсетеді. Тағы екі адамның денесі баспалдақтан табылды», - деді штаттың бас прокуроры Алок Кумар.
Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт газ баллонының жарылуынан шыққан болуы мүмкін.