Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жақсы әке бола алмадым": Тұрсын Алагөзов ешкімге айтпаған сырын ашты (ВИДЕО)

11:16, 07 желтоқсан 2025

Кәсіпкер, Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсын Алагөзов бірінші некесінен туған балалары туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Мүмкін бірінші әйелімнен туылған балаларға "жақсы әке" бола алмаған шығармын. Менің бірінші және екінші некемнен 4 балам бар. Ол кезде жасым небәрі жиырмада еді. Баланы қалай қарау керек, қалай тәрбиелеу керек екенін білмедім. Ол кезде курс, нұсқаулық та болған жоқ. Неге олай дедім? Себебі мен бала тәрбиесімен айналыспадым, қастарында болмадым. Анасы айналысты. Ал қазір кішкентай балаларым пайда болғалы, әсіресе қыздарыма махаббат керек екенін түсіндім. Мен оларды таңертең қолыма алып, үйді аралап жүремін. Үйдегі барлығын көрсетіп шығамын. "Сен менің ақылдымсың, алтынымсың" деген сөздерді көп айтамын. Олар кейін өскенде естерінде болмайтын шығар, бірақ сезінген эмоциялары есте қалатыны анық", - деді Тұрсын Алагөзов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар